Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін ЖИ агент іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 05 ақпан, 2026 | 15:03
1 мин. - оқу уақыты

Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін ЖИ агент іске қосылды

Жаңа цифрлық шешім кәсіптік бағдарлаудың бірнеше әдістемесін бір платформаға біріктірді

gov.kz
gov.kz

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде (ҚӨУ) мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектесетін «AI-кәсіптік бағдарлаушы» жасанды интеллект агенті таныстырылды. Инновациялық шешім AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында әзірленіп, кәсіптік бағдар беру үдерісін цифрлық форматта жаңаша ұйымдастыруды көздейді, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі мен инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асқан. Университет өкілдерінің айтуынша, бұл бастама білім беру жүйесіне заманауи ЖИ шешімдерін енгізу жөніндегі стратегиялық бағыттың бір бөлігі.

Жүйе мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдарлау тестілеуін жасанды интеллект көмегімен өткізеді. Пилоттық енгізу С.Мәуленов атындағы гимназияда басталып, жоғары сынып оқушылары жаңа құралды алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізді.

ҚӨУ цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімінің басшысы Қалыбек Мауленовтің айтуынша, жоба нақты сұраныстан туған.

ЖИ агент бұрын жеке-жеке қолданылып келген бес психологиялық және кәсіптік бағдарлау әдістемесіне негізделген. Олар цифрлық форматқа көшіріліп, біртұтас зияткерлік талдау моделіне біріктірілген. Кіріктірілген деректер базасы 500-ден астам интерпретация нұсқасын қамтиды, бұл нәтижені қысқа уақыт ішінде алуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде оқушы тек ұсынылатын мамандықтар тізімін ғана емес, өзінің қабілеттері, мықты жақтары мен әлеуетті даму бағыттарын көрсететін кеңейтілген кәсіптік бағдарлау профилін алады.

Университет өкілдері атап өткендей, ЖИ агент мұғалім мен психологтың орнын алмастырмайды, керісінше олардың жұмысын толықтырып, уақытты үнемдеуге және деректерге негізделген шешім қабылдауға көмектеседі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.