Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елімізде ұлттық alem.ai battle байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды QazMonitor. Ауқымды бастама Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жасанды интеллект саласындағы таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған.
Байқау оқушыларды, студенттерді, стартап-командаларды және зерттеушілерді бір алаңға біріктіріп, AI-жобалардың прототиптен бастап толыққанды технологиялық шешімге дейін жүйелі түрде дамуына мүмкіндік береді.
AI Young Talents – жұмыс істейтін MVP деңгейіндегі AI-жобалары бар 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары;
AI Driving Power – жұмыс істейтін MVP деңгейіндегі AI-жобалары бар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
AI Future Builders – AI-өнімі мен прототипі немесе MVP-сі бар, нарықта дәлелденген трекшні (ақылы пилоттар, сатылымдар) бар командалар;
AI Innovators – жасанды интеллект құрамдас бөлігі бар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға негізделген жобалар.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды. Инициатива alem.ai платформасының адам капиталын дамытуға бағытталған ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі саналады.
Халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында жыл сайын шамамен 10 мың талантты тарту, 5 мың мектеп оқушысын оқыту, кемінде 1 мың AI маманын даярлау, 100-ге жуық AI-стартапты іске қосу және жасанды интеллект саласында 10-ға жуық ғылыми зерттеу жүргізу жоспарланған.
Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін қабылданады.