Жарнама АҚШ-тағы тегін нұсқа мен Go тарифі пайдаланушыларына көрсетіледі. Ал Plus, Pro, Business, Enterprise және Education жазылымдарын пайдаланатындар әдеттегі тәртіппен, жарнамасыз қызметті қолдана береді, деп хабарлайды QazMonitor OpenAI компаниясына сілтеме жасап.
Компания жарнама ChatGPT жауаптарына әсер етпейтінін, ал қолданушылардың чаттары жарнама берушілерге ашылмайтынын атап өтті. Жарнаманы қолданушының қызығушылығына және әңгіме тақырыбына сәйкес көрсету жоспарланған. Мысалы, мәзір іздеген кезде тамақ жеткізу қызметінің ұсынысы көрінуі мүмкін. Сонымен қатар жарнама 18 жасқа дейінгі қолданушыларға көрсетілмейді және денсаулық, саясат пен психологиялық жағдай сияқты сезімтал тақырыптарға жарнама шығару жоспарланбайды.
Пайдаланушылар жарнамаға қатысты деректерді өздері басқара алады және өзара әрекет тарихын өшіру мүмкіндігіне ие болады.