Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Алматының экологиясын қағадалау үшін дрондар қолданылуы мүмкін
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 11 ақпан, 2026 | 12:51
1 мин. - оқу уақыты

Алматының экологиясын қағадалау үшін дрондар қолданылуы мүмкін

Мегаполисте экологиялық талаптарды қадағалайтын оператор анықталды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сәйкес арнайы экологиялық талаптардың сақталуын қадағалайтын компания анықталды, деп хабарлайды QazMonitor.

Мегаполситегі экологиялық талаптарды қадағалайтын оператор болып «Eco Almaty» компаниясы танылды. Экология және қоршаған орта басқармасы мәліметінше, ол 100% мемлекеттік қатысуы бар ұйым.

Компания экологиялық нормалардың бұзылуын анықтаған жағдайда уәкілетті органдар – Экология департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Полиция департаментіне жәрдем көрсетеді.

Бақылау бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, жеке және қоғамдық көліктерді, коммерциялық және коммуналдық техниканы қоса алғанда жылжымалы шығарындылар көздерін, қалдықтарды полигондарда жағу, өздігінен тұтану, пиротехникалық бұйымдарды қолдану сияқты ұйымдастырылмаған шығарындыларды анықтайды.

Бұзушылықтарды анықтау үшін қалада 19 стационарлық және 4 жылжымалы экологиялық бекет жұмыс істейді. Сонымен қатар көлік құралдарының шығарындыларындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейтін спектрометрлер, ал стационарлық көздерді бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуы мүмкін.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.