Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен елдегі ең ірі мультилокациялық хакатон – Decentrathon 5.0 жобасын өткізеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Хакатон 2026 жылғы 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында Қазақстанның 20 қаласында бір мезгілде ұйымдастырылады. Ашылу рәсімі 27 наурызда Шымкентте болатын Digital Qazaqstan ұлттық технологиялық форумы аясында өтеді.
Биылғы маусымға 3 000-нан астам әзірлеуші мен 1 500 команда қатысады деп күтілуде. Қатысушылар екі негізгі бағыт – ЖИ және блокчейн бойынша шешімдер әзірлейді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жоба Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, отандық цифрлық технологияларды дамытуға және жаңа буын IT-мамандарын қалыптастыруға бағытталған.