2026 жылғы жол-құрылыс маусымы тек ауқымды жөндеумен емес, интеллектуалды шешімдердің енгізілуімен ерекшеленбек. Қазақстанда биыл биыл 9 мың шақырымға жуық жолды қамтылып, салаға жасанды интеллект пен автоматтандырылған жүйелерді жаппай енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Биыл жол саласындағы басты жаңалықтың бірі «Сапар» зияткерлік жасанды интеллект диспетчерінің іске қосылуы болмақ. Бұл жүйе әлемге әйгілі «Siri» немесе «Aлисa» секілді дауыстық ассистент принципімен жұмыс істейді.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы төрағасы Дархан Иманашевтің мәліметінше, былтыр Қазақстанда 1403 байланыс орталығы толық автоматтандырылып, өтініштерді өңдеу қабілеті 500 мыңнан 1,2 млн-ға дейін артқан. Сондай-ақ 2025 жылы «Алматы–Қонаев» жолындағы ақылы учаскеде интеллектуалды көлік жүйесі тестіленді. Биыл ЖИ элементтері «Астана–Теміртау» және «Астана–Щучинск» жолдарына енгізу көзделіп отыр. Жүйе жол-көлік оқиғаларын, хайуанаттардың жолға шығуын және ауа райының өзгеруін қас-қағым сәтте анықтайды.
Бұған қоса, жол жабынының мерзімінен бұрын тозбауы үшін цифрлық шешімдер - автоматтандырылған өлшеу стансалары саны артып келеді. Қазіргі таңда республика бойынша 46 станса жұмыс істеп тұр. 2028 жылға дейін олардың саны тағы 80-ге көбейту жоспарланған.
Айта кетейік, бұл жүйе ауыр жүк көліктерінің салмағын қозғалыс кезінде-ақ өлшеп, заң бұзушылықтарды адам факторынсыз тіркейді.
Ұлттық компания ақпаратына сәйкес, былтыр Қазақстанда түрлі жұмыспен 8 мың 800 шақырым автожол қамтылса, биыл 8 900 шақырым жол жөнделеді деп межеленген. Оның ішінде 5 200 шақырым жолға орташа жөндеу, 3 400 құрылыс және қайта жаңғырту, ал 324 күрделі жөндеумен қамтылмақ.
Сонымен қатар, апаттық жағдайдағы 53 көпірді қалпына келтіруге басымдық берілмек. Бұл мақсаттарға 25 мың маман мен 12 мың бірлік техника жұмылдырылды.
Қазақстан цифрландыруды тек жолда емес, өткізу пункттерінде де жүргізіп жатыр. 2028 жылға дейін 37 шекаралық пункт жаңғыртылады. Қазіргі таңда былтыр басталған 14 нысанда құрылыс жүріп жатыр.
Сонымен қатар, 5 пунктте жүк көліктеріне арналған сервистік аймақтар салынып жатыр. Қалған 23 өткізу пункттері бойынша дайындық жұмыстары басталды.
Осылайша биылғы жылдың жол маусымы - бұл тек асфальт төсеу емес, «ақылды» инфрақұрылым құру кезеңі болмақ. Цифрлық шешімдер жол қауіпсіздігін арттырып (қазірдің өзінде апаттар саны 8%-ға азайған), жолаушылар үшін қолайлы орта қалыптастырып келеді.