Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану тәжірибесін дамытуға бағытталған AI Governance Cup ұлттық сыйлығының басталғанын жариялады, деп хабарлайды QazMonitor.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа сыйлық қолданбалы құндылығы дәлелденген және нақты өлшенетін нәтижелерге қол жеткізген жобаларды қолдаудың тиімді тетігіне айналады.
Алты номинация бойынша байқау
Сыйлық мемлекеттік басқаруда цифрландыру және ЖИ шешімдерін енгізудегі елеулі жетістіктер үшін конкурстық негізде табысталады. Байқау алты номинацияны қамтиды:
«AI Азаматтарға Қызмет» – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жобалар;
«AI Экономика» – экономика саласындағы ЖИ шешімдері;
«AI Әлеуметтік Саясат» – әлеуметтік бағыттағы жобалар;
«AI Қауіпсіздік» – қауіпсіздік саласындағы ЖИ бастамалар;
«AI Өңір» – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырған жобалар;
«AI Квазисектор» – квазимемлекеттік ұйымдардың жобалары.
Өтінім қабылдау мерзімі
Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 3-13 наурыз аралығында govtec.kz/ai-governance-cup сайтында қабылданады.
AI Governance Cup жасанды интеллектіні енгізудің үздік тәжірибелерін таныстыруға, мемлекеттік органдар арасында тәжірибе алмасуға және деректер мен заманауи технологияларға негізделген тиімді шешімдерді ілгерілетуге арналған ұлттық алаң болмақ.