Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. IT-Aiel және AqylTech: жастардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа бастама
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 05 наурыз, 2026 | 11:40
1 мин. - оқу уақыты

IT-Aiel және AqylTech: жастардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа бастама

Бағдарламалар қатысушыларға жасанды интеллект, электрондық коммерция және киберқауіпсіздік саласында практикалық білім мен нақты дағдылар береді

cottonbro studio / Pexels
cottonbro studio / Pexels

2025 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен IT-Aiel және AqylTechжобалары іске қосылды, деп хабарлайды QazMonitor. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және цифрлық құзыреттерін дамыту арқылы олардың экономикалық дербестігін күшейту. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров х

Оқу бағдарламалары қаржылық жоспарлау мен жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға, киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және дербес деректерді қорғау дағдыларын меңгеруге, электрондық коммерция тетіктерін түсінуге, цифрлық кәсіпкерлік негіздерін игеруге, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тұрмыста да, жұмыста да тиімді қолдануға бағытталған.

«Былтыр жоба қарқынды даму кезеңінен өтті және нақты нәтижелер көрсетті. Онлайн және офлайн форматта өткен оқыту аясында 11 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Осы бағыттағы ағартушылық жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 157 тренерге арнайы оқыту ұйымдастырылды. Республикалық шаралармен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің басын қосып, халықаралық үздік жобалар байқауы өткізілді», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

2026 жылы бағдарламалар мазмұны жаңғыртылып, өзекті әрі қолданбалы тақырыптармен толықтырылды. Қатысушылар тек жалпы білім алып қана қоймай, оны нақты нәтижеге айналдыруға бағытталған дағдыларды игереді.

«IT-Aiel және AqylTech қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама. Қалыптасқан LMS платформа, тренерлер базасы және кеңейген серіктестік желі жобаның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жалғасуына негіз болады», – деді ведомство өкілі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.