Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда кадрларды VR технологиясымен даярламақ
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 27 наурыз, 2026 | 15:38
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда кадрларды VR технологиясымен даярламақ

Пилоттық жоба 5 қалада іске қосылады

Darlene Alderson / pexels
Darlene Alderson / pexels

Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды оқыту жүйесіне виртуалды шындық (VR) технологиялары енгізіледі, деп хабарлайды QazMonitor ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жаңа тәсіл кадрларды даярлау процесін жаңғыртып, қатысушыларға теориямен қатар нақты жұмыс жағдайына жақын ортада тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Министрлік мәліметінше, оқыту екі кезеңнен тұрады.

Алғашқы кезеңде азаматтар Skills Enbek цифрлық платформасы арқылы бес бағыттың бірі бойынша онлайн-курстардан өтеді. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімді.

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар Мансап орталықтарында оқуын жалғастырады. Бұл кезеңде VR-шлемдер қолданылып, тыңдаушылар кәсіби дағдыларын өндірістік ортаға барынша жақын жағдайда пысықтайды.

Бағдарламаны аяқтаған соң қатысушыларға сертификат беріледі. Құжат олардың платформадағы жеке кабинетінде автоматты түрде тіркеледі.

Пилоттық жоба Қонаев, Өскемен, Түркістан, Шымкент және Астана қалаларында іске асырылады. Елордада жобаны іске қосу сәуір айына жоспарланған, кейін ол кезең-кезеңімен басқа өңірлерге енгізіледі.

Ведомствоның мәліметінше, VR технологияларын қолдану еңбек нарығына бейімделуді жеделдетіп, жұмыс берушілер талаптарына сай практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.