Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. 107 елде қолданылады: Дуолингодан озған отандық Aleem қосымшасының артында кім тұр
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 17:08
2 мин. - оқу уақыты

107 елде қолданылады: Дуолингодан озған отандық Aleem қосымшасының артында кім тұр

Алдағы уақытта қосымшада видео көріп, кітап оқу мүмкіндігі енгізіледі

Коллаж QazMonitor
Коллаж QazMonitor

Қазақстандық жастардың әзірлеген қосымшасын үш күн ішінде 100 000 қолданушы жүктеп, рекорд орнатты. Жасанды интеллект негізінде ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша биыл қараша айының басында іске қосылған.

Қазақстандық жастардан құрылған топ шет тілін үйренуге арналған қосымша әзірледі. Атап айтқанда командада ағайынды Асылжан мен Ален Алтай, Алидар Кучуков, Темірлан Аманжанов, Темірлан Темірбаев, Бердібек Сапарбеков, Дінмұхамед Асаинов, Айя Жұмағалиева, Амаль Садекова қосымшаны өз қаржысына жасап, инстаграм желісінде 600 оқырман жинап, биыл қарашаның басында іске қосқан.

Үш күн ішінде 107 елден 100 000 қолданушы жүктеп, App Store-да Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда бірінші орынға, ал Ресей, Әзербайжан мен Молдавада екінші орынға шықты.

Аталған әзірлеме ағылшын тілін үйренуге арналған сабақтар, сөйлеу практикасы, жазу практикасы, флэш-карталардан түрады. Әзірлеушілері болашақта видео көріп, кітап оқу мүмкіндігін енгіземіз деп отыр. Өнім әзірге тек iOS операциялық жүйесінде қолжетімді, жастар қазір Android жүйесінде жасап жатыр.

Олардың сөзінше, бұл қосымшаны жасаудағы мақсат - сапалы тіл үйренуді барлығына қолжетімді ету. Осылайша, әлемдегі мұғалім мен оқулық тапшы аймақтағы қажеттілікті жабуды көздейді.

Айта кетейік, қазақстандық қосымша Duolingo қосымшасынан озып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Отандық әзірлеушілер, екі қосымшаның айырмашылығын түсірдірді.

11 қарашада қосымшаны 50 мың белсенді қолданушысы 137 мың сабақ өтіп, 17 мың спикинг пен 8 мың райтинг сессия өткен.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.