Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Түркі аңыздары негізінде ойын жасау: Turkic Game Jam 2026 жеңімпазы кім?
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 25 маусым, 2026 | 14:31
1 мин. - оқу уақыты

Түркі аңыздары негізінде ойын жасау: Turkic Game Jam 2026 жеңімпазы кім?

Almaty Creative Hub алаңында Turkic Game Jam 2026 жергілікті кезеңі аяқталды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жас әзірлеушілерді, дизайнерлерді және ойын индустриясының мамандарын біріктірген халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының жергілікті кезеңі аяқталды. Іс-шара Almaty Creative Hub алаңында өткен жарыста қатысушылар 48 сағат бойы түркі халықтарының мифтері, аңыздары мен мәдени мұрасынан шабыт алған ойын жобаларын әзірледі. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

2026 жылы хакатон бір мезгілде алты елде ұйымдастырылып, түркі мемлекеттерінің GameDev қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ең ірі бастамалардың біріне айналды. Алматыда жобалардың финалдық қорғалуына 12 команда қатысып, сарапшылар алқасының назарына өз ойын әзірлемелерін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жергілікті кезеңнің жеңімпазы Teqes Studio командасы атанды. Енді олар қыркүйек айында Будапешт қаласында өтетін халықаралық гранд-финалда Алматының намысын қорғап, қатысушы елдердің үздік командаларымен бақ сынайды.

Turkic Game Jam креативті индустрияларды дамытуға, жас таланттарды қолдауға және цифрлық технология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Мұндай бастамалар жас мамандардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндік беріп, Алматыдағы креативті индустрия экожүйесінің одан әрі дамуына серпін береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.