Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерін анықтайтын TazaQala платформасы іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 29 маусым, 2026 | 12:36
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерін анықтайтын TazaQala платформасы іске қосылды

Жасанды интеллект негізіндегі жүйе тұрғындарға өтініштің орындалу барысын онлайн бақылауға мүмкіндік береді

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда тұрғындарға заңсыз қоқыс үйінділері туралы хабарлап, оларды жою жұмыстарын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін TazaQala цифрлық платформасы таныстырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Платформа Алматының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Eco Almaty» ЖШС қолдауымен әзірленген. Жоба республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іске асырылды.

Жасанды интеллект элементтерін пайдаланатын жүйе тұрғындарға заңсыз қоқыс төгілген орындар туралы хабарлап қана қоймай, өтініштің мәртебесі мен тазалау жұмыстарының барысын қадағалауға мүмкіндік береді.

Алматының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Арман Нүгірбековтің айтуынша, платформа тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтіп, экологиялық мәселелерге жедел ден қоюға жол ашады.

Прокуратура мәліметінше, платформа іске қосылғалы бері 871 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 507-сі толық жойылып, аумақтардан 500 тоннадан астам қалдық шығарылған.

Сонымен қатар қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тұсаукесер барысында студенттер мен БАҚ өкілдеріне платформаның жұмыс істеу тәртібі таныстырылып, кейін қаланың бірнеше ауданында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Оған прокуратура, полиция, экология саласының мамандары, ҚазҰУ студенттері және экобелсенділер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, TazaQala платформасы заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау мен жою жұмыстарын жедел әрі ашық жүргізуге, сондай-ақ тұрғындардың қаланың тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін сақтауға белсенді қатысуына ықпал етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.