Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Балқашта туристерге арналған ыңғайлы сервис пайда болды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 05 тамыз, 2026 | 11:46
1 мин. - оқу уақыты

Балқашта туристерге арналған ыңғайлы сервис пайда болды

Платформа компьютерлерде де, смартфондарда да бірдей тиімді жұмыс істейді

gov.kz
gov.kz

Балқаштың жас тұрғындары Ринат Қуанышұлы мен Ерсұлтан Төкен Балқаш өңіріндегі демалыс орындарын, сондай-ақ пәтерлер мен жеке үйлерді жалға беру жөніндегі ұсыныстарды бір арнаға тоғыстырған rentbalkhash.kz онлайн-платформасын әзірледі. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Платформа компьютерлерде де, смартфондарда да бірдей тиімді жұмыс істейді. Соның арқасында пайдаланушылар демалысқа қолайлы орынды кез келген уақытта жылдам тауып, қажетті ақпаратқа еш қиындықсыз қол жеткізе алады.

Іске қосылғанына бірнеше ай ғана болғанына қарамастан, rentbalkhash.kz Балқашқа сапар жоспарлаған туристер арасында кеңінен сұранысқа ие бола бастады. Жоба авторлары сервисті одан әрі жетілдіруді жалғастырып, демалыс орындарының дерекқорын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер енгізуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсат – Балқаштағы демалысты ұйымдастыруды барынша ыңғайлы, заманауи әрі қолжетімді ету.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.