Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Алатау қаласында LED-дисплей өндіретін зауыт ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 10:22
1 мин. - оқу уақыты

Алатау қаласында LED-дисплей өндіретін зауыт ашылады

Алматы облысы әлемдік технологиялық алып BOE-ді тартуда

gov.kz
gov.kz

Алатау қаласында LED-дисплей өндіретін зауыт ашылады. «Alatau Invest 2025» халықаралық бизнес-форумы аясында облыстың Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен дисплей технологиялары нарығындағы әлемдік көшбасшы BOE Technology Group Co., Ltd. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы облысының Өңірлік даму орталығының директоры Акжол Исақов жобаның аймақ пен Алатау үшін маңыздылығын атап өтті.

Әлемдік деңгейдегі зауыттың дәл Алатауда орналасуы облыстың жаңа индустриалды экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадамға айналады, деп есептейді әкімдікте. 

Сонымен қатар заманауи логистика, инженерлік желілер, көліктік қолжетімділік және білікті кадрлардың болуы жобаны жедел іске қосуға және оған қатысты салалардың дамуына мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.