Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда жастарға кеңес беретін чат-бот жұмысын бастады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 13 желтоқсан, 2025 | 16:56
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда жастарға кеңес беретін чат-бот жұмысын бастады

«Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасы таныстырылды

gov.kz
gov.kz

Қазақстанда «JASTAR.AI» виртуалды кеңесші чат-боты жұмысын бастады. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жылдық есептік кездесу өткізіп, жаңа виртуалды кеңесшіні таныстырды.

Орталық «Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасы таныстырды. Зерттеу жастар арасындағы урбанизация қарқынының, цифрлық құзыреттерге қызығушылықтың артуын, экономикалық мінез-құлықтың өзгеруін, сондай-ақ психологиялық әл-ауқат пен қауіпсіздік саласындағы жаңа сұраныстарды көрсетеді.

Ведомство жылдың маңызды нәтижелерінің бірі – Жастардың даму индексі екенін атап өтті. Бұл – жастар жағдайын 32 көрсеткіш бойынша бақылауға арналған аналитикалық құрал.

Сонымен қатар кездесуде «JASTAR.AI» виртуалды кеңесші чат-боты да таныстырылды. Ол жастарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа жедел әрі қолжетімді түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл құрал цифрлық түсіндіру жұмыстарының қолжетімділігін арттыруға және жастардың мемлекеттік институттармен тиімді өзара іс-қимылына ықпал етуге арналған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.