Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан халықты интернетпен қамту бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 19 қаңтар, 2026 | 16:07
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан халықты интернетпен қамту бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Былтыр интернетке қолжетімділігі бар халықтың үлесі артқан

Firmbee.com/Pexels
Firmbee.com/Pexels

Орталық Азияда интернетке қосылған халықтың үлесі әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болып, 82%-ға жеткен, деп хабарлайды QazMonitor DataReportal ұсынған «Digital 2026» баяндамасына сілтеме жасай отырып.

Өңір елдері арасында ең жоғары көрсеткіш Қазақстан еншісінде, ол 93,4% құрады. Одан кейінгі орындарда Өзбекстан 89%, Қырғызстан 88,5%, Тәжікстан 56,8%, Түрікменстан 46,1%

Әлем бойынша интернетке ең көп қосылған аймақ — Солтүстік Еуропа (97,7%). Одан кейін Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка орналасқан — сәйкесінше 95,1% және 93,3%. Ең төменгі көрсеткіштер Африка құрлығында байқалды: Шығыс Африкада — 26%, Орталық Африкада — 33,5%

Интернет жылдамдығы

Ookla мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қарашасында Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы секундына 93,1 Мбит-ке жетті. Бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш және әлемдік орташа деңгейден (103 Мбит/с) сәл ғана төмен. Өзбекстанда мобильді интернеттің медиандық жылдамдығы секундына 53,2 Мбит, ал Қырғызстанда 51,6 Мбит болды.

Әлеуметтік желілер

2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда әлеуметтік желі пайдаланушыларының үлесі 80,8%-ды құрады. Бұл Орталық Азия деңгейінен де, әлемдік орташа деңгейден де едәуір жоғары. Едәуір алшақтықпен келесі орындарда Қырғызстан (53,3%) және Өзбекстан (37,9%) орналасқан. Тәжікстан мен Түрікменстанда әлеуметтік желілердің таралу деңгейі төмен 18,9% және 5,1% көрсетті.

Жекелеген платформаларды пайдаланушылар саны бойынша да Қазақстан Оралық Азияда көш бастап тұр. TikTok: 16,9 млн қазақстандық пайдаланушы, Threads және LinkedIn: әрқайсысында 1,9 млн-нан. Салыстыру үшін Өзбекстанда TikTok аудиториясы 2,6 млн, Threads 834 мың, LinkedIn 1,1 млн пайдаланушыны құрады. Facebook желісінде де Қазақстан 2,5 млн пайдаланушымен өңірдегі көшбасшылығын сақтап қалды, бірақ Өзбекстанмен (2,3 млн) арасындағы айырмашылық өте аз. Ал Instagram желісінде жағдай керісінше: Қазақстан пайдаланушылар саны бойынша Өзбекстанға жол берді, 13,1 млн-ға қарсы 14,1 млн.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.