Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыдағы медициналық нысандар қалай жаңартылып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қаңтар, 2026 | 10:03
1 мин. - оқу уақыты

Алматыдағы медициналық нысандар қалай жаңартылып жатыр

Мегаполис әкімі медициналық мекемелерді жаңғырту барысымен танысты

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханадағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, қабылдау бөлімі тәулігіне 250 адамнан 450 адамға дейін қабылдай алатын болды, деп хабарлайды QazMonitor әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауруханаға халықаралық triage пациенттерді сұрыптау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе пациенттер легін қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлуге негізделген. Мұндай тәсіл ауыр халдегі науқастарға жедел көмек көрсетуге, асқынулар мен өлім-жітім қаупін азайтуға, орын санын тиімді пайдалануға және ауруханаға жатқызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар онда заманауи ота бөлмелері, 12 орынға арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапияның шұғыл бөлімшесі ашылып, тері арқылы жүрек тамырларын емдеу орталығы жұмысын бастады. Бұл жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді. Айта кетейік, №4 Қалалық клиникалық ауруханада жыл сайын 12 500-ге дейін ота жасалады.

Алматы әкімі 2025 жылы 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы және 1 емхана салынғанын, 32 нысанды салу және жаңғырту бойынша жобалар әзірленіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, қала басшысы Түрксіб ауданында бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысымен танысты. Жаңа емхана бұрын жұмыс істемей тұрған денсаулық сақтау нысанының орнына салынып жатыр.

Онда ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, цифрлық флюорография және маммография, рентген, МРТ және КТ жабдықтарын қосқанда, заманауи диагностикалық жүйелермен жабдықтау жоспарланған. Нысан биылғы жылдың соңында тапсырылады деп жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.