Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің шақыруы бойынша Давосқа жұмыс сапарымен барып, Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысады, деп хабарлайды QazMonitor Акордаға сілтеме жасап.
Іс-шара 22 қаңтарға жоспарланған.
19 қаңтарда мемлекет басшысының Газа бойынша құрылған Бейбітшілік кеңесінің құрамына ресми шақыруды қабылдағаны белгілі болды.
Давоста өтетін Әлемдік экономикалық форум 19 қаңтарда басталды. Оған 60-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатыспақшы. Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімі 22 қаңтарға белгіленген.