Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы келісімі күшіне енеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қаңтар, 2026 | 11:42
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы келісімі күшіне енеді

Сенат келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады

gov.kz
gov.kz

Құжат екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге, еңбек өтілін есепке алу және төлемдерді тағайындау тәртібін айқындайтын құқықтық тетіктерді құруға бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Келісім уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын реттейді және еңбек қызметі, қызмет өткеру кезеңдері, оқу уақыты, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін дұрыс есептеу үшін қажетті өзге де деректер туралы ақпарат алмасуды көздейді.

Бүгінгі таңда елімізде Моңғолияның 6 755 азаматы тұрып жатыр, олардың 6 236-сы – қандас. 2025 жылы 979 адам тұрақты тұруға рұқсат алса, 752 азамат ҚР азаматтығын алған, олардың 744-і – қандас.

Келуші азаматтардың көпшілігі егде адамдар болғандықтан, оларға еңбек өтілін растау және зейнетақы тағайындау мәселелері аса маңызды. Келісімді қабылдау еңбек өтілін есепке алу тетігін жүйелеуге, азаматтарды құжаттарды қайталап ұсыну қажеттілігінен жоюға және ақпарат алмасудың бірыңғай жүйесінің болмауына байланысты туындайтын қателіктер қаупін азайтпақ.

Айта кету керек, еліміз 2019 жылдан бастап екіжақты келісімдердің болуына қарамастан, тұрақты тұру үшін қоныс аударған этникалық қазақтардың еңбек өтілін біржақты тәртіпте есепке алып келді.

ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, былтыр елімізге Моңғолияның 43 352 азаматы кіріп, 43 001 адам елден шыққан.  Ал 2024 жылы 44 240 адам кіріп, 40 916 адам шыққан.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.