Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Теңізшевройл»-дағы қазіргі жағдай – Энергетика министрлігінің бақылауында
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қаңтар, 2026 | 16:44
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

«Теңізшевройл»-дағы қазіргі жағдай – Энергетика министрлігінің бақылауында

Арнайы құрылған комиссия орын алған жағдайдың себептеріне талдау жүргізуде

ҚР Энергетика министрлігі
ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды QazMonitor.

Министрліктің хабарлауынша, 18 қаңтарда орын алған технологиялық бұзушылықты, яғни газ турбиналық қондырғыларының өшуін толық анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кіріскен.

Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысының энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдері кірді.

Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.