Қазақстанда құрылыс саласындағы техникалық нормативтерді жетілдіруге бағытталған Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады, деп хабарлайд QazMonitor. Жаңа құрылым саланың техникалық нормативтік талаптарын ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша бірыңғай орталыққа айналады.
Институттың негізгі міндеттерінің бірі – құрылыс саласындағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру. Осы арқылы отандық нормалардың сапасын арттыру және заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сонымен қатар институт аясында құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбыр жүйелері, сумен жабдықтау және өзге де бағыттар бойынша салалық техникалық комитеттер құрылады. Олардың құрамына нарықтан тартылған білікті мамандар қатысады.