Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда дәрумен сатылымы екі есеге артты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қаңтар, 2026 | 14:18
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда дәрумен сатылымы екі есеге артты

2025 жылы ішкі нарықта провитаминдер мен дәрумендердің сатылымы рекордтық деңгейге жетті

Pexels / Polina Tankilevitch
Pexels / Polina Tankilevitch

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында провитаминдер, дәрумендер және олардың туындыларының сатылымы 381,1 тоннаға жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге көбейген, деп хабарлайды QazMonitor.

Ай сайынғы динамикада әсіресе күзде сұраныс күрт өскені байқалады. Қарашада ішкі нарықта 49,4 тонна өнім сатылып, бұл 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда 4,7 есе көп. Сондай-ақ қыркүйек пен қазанда да өсім айтарлықтай болды: қыркүйекте 10,8 есе, қазанда 14,4% өсім тіркелді.

Дегенмен бұл өсімнің негізгі бөлігі импорт арқылы жабылды. Қазақстандық фармацевтика өндірісі дәрумен шығару көлемін әлі де кеңейте алмай отыр: 2025 жылдың 11 айында қазақстандық кәсіпорындар тек 2,9 тонна өнім өндірген, бұл жалпы көлемнің небәрі 0,7%-ын құрайды.

Импорт көлемі 386,5 тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен. Дәрумен жеткізушілер арасында АҚШ (41,6%) және Қытай (39,6%) көш бастап тұр. Тонаж бойынша Қытай алда келеді, бұл жеткізушінің нарықтағы үлесінің үлкен екенін көрсетеді. Сонымен бірге Қазақстан импортталған өнімнің бір бөлігін қайта экспорттаған: 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында провитаминдер мен дәрумендер Өзбекстан мен Тәжікстанға жөнелтілген.

Швейцариядан жеткізілген өнім көлемі аз болғанымен (107 кг), оның құны ең жоғары болып, 117,2 млн долларды құрады. Германия да Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылық танытып, 11 айда 107,7 млн долларға өнім жеткізген. Сондай-ақ Корея, Польша, Аустрия, Бельгия сияқты елдердің витаминдік препараттары да қазақстандық дәріханаларда сатылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.