Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада қоқыс өңдеу компаниясына 54 млн теңге айыппұл салынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қаңтар, 2026 | 15:00
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Астанада қоқыс өңдеу компаниясына 54 млн теңге айыппұл салынды

Компания тарифті негізсіз өсірген

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) сұрыптау және қайта өңдеу нарығында тексеру жүргізді. Тексеріс нәтижесінде елордалық ірі кәсіпорынның қызметінде заң бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды QazMonitor.

Тергеп-тексеру мәліметтеріне сәйкес, «Astana Recycling Plant» ЖШС 2023 жылдың екінші жартыжылдығында өз қызметтеріне монополиялық жоғары бағалар белгілеген.

Атап айтқанда, қызметтің өзіндік құнына тікелей қатысы жоқ шығындар қосылған. Сонымен қатар нарықтағы үстем жағдайды пайдаланып, тұтынушыларға тиімсіз шарттар таңылған.

Сот шешімімен компанияға 54 млн теңге айыппұл салынды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.