Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды QazMonitor. Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың тапсырмасымен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылданды.
Алынған шаралар қатарында тәрбие жұмысы мен әскери тәртіпті бақылау күшейтіліп, қару-жарақты пайдалану, атыс жаттығулары және тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік талаптары қатаңдатылды. Сонымен қатар әскери бөлімдерге жеке құрамды психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберіліп, қызметшілердің психикалық жай-күйі мен психологиялық дайындық деңгейі қайта бағаланып жатыр.
Командирлер мен сержанттардың жауапкершілігі арттырылып, оқыс оқиғалардың алдын алу мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілді. Әскери полиция күштерімен бөлімдерде жан-жақты тексерулер ұйымдастырылып, бақылау және бейнебақылау күшейтілді. Қосымша профилактикалық шаралар қабылданып, тәулік бойы бақылау енгізілді.
Әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты бейнебайланыс қамтамасыз етіліп, бөлімше командирлері ата-аналармен ресми байланыс арналары арқылы үнемі хабарласып отырады.
Орын алған оқиғалар бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы тәртіптік жауапқа тартылды. Қаза болған әскери бөлімнің командирі мен орынбасары, сондай-ақ батальон командирі лауазымдарынан босатылды.
Қабылданған шаралар жеке құрамның өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеуге бағытталған. Жұмыс тұрақты түрде жалғасады.