Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістанда жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк салу жоспарланып отыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 29 қаңтар, 2026 | 13:46
1 мин. - оқу уақыты

Түркістанда жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк салу жоспарланып отыр

Аквапарк кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады

gov.kz
gov.kz

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен кездесіп, өңірде халықаралық деңгейдегі аквапарк салу жобасын талқылады. Жоба Түркістан қаласында ірі демалыс және туристік кешен қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды QazMonitor.

Инвестор ұсынған жоспарға сәйкес, аквапарк кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Кешен құрамына су аттракциондары бар аквапарк аймағы, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залы кіреді. Жоба отбасылық демалыс инфрақұрылымын дамытуға және туристік ағынды ұлғайтуға бағытталған.

Жобаның негізгі ерекшелігі – жыл бойы жұмыс істеуге бейімделген инфрақұрылым. Аквапарктағы су айдыны жаз мезгілінде шомылу аймағы ретінде пайдаланылса, қысқы кезеңде картинг жолына айналады. Бұл шешім кешеннің маусымаралық кезеңде де табысты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Келушілер үшін биік сырғанақтар, торнадо үлгісіндегі аттракциондар, аква-қамал, кемпірқосақ сырғанағы және интерактивті ойын аймақтары қарастырылған.

Жаңа туристік нысан Түркістан өңірімен қатар, еліміздің өзге облыстарынан және шетелден келетін туристерге бағытталады. Өңір әкімдігінің мәліметінше, жоба іске асқан жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің туристік тартымдылығы артады.

Кездесу барысында тараптар өзге де инвестициялық бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа өндіріс орындарын іске қосу мүмкіндіктері қарастырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.