«Мемлекеттік аннуитеттік компания» елімізде алғаш болып өмір бойы төлем жүргізілетін зейнетақы аннуитеті шарттарын ұсына бастады, деп хабарлайды QazMonitor.
Компания сақтандырылған қызметкерлерге әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мына төлемдерді жүзеге асырады:
денсаулыққа келтірілген зиянға байланысты шығындарды өтеу (дәрі-дәрмек, оңалту, шипажайлық емдеу);
өндірістік жарақаттан кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалтқандарға аннуитет бойынша мерзімдік төлем;
асыраушысынан айырылуға байланысты аннуитет төлемі;
зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегендерге предпенсиондық аннуитет бойынша төлем;
өндірістік оқиға салдарынан қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын өтеу.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін Ұлттық зейнетақы төлемдер қорының жинақтары жеткілікті болуы керек. Бұл жағдайда азаматтар белгіленген жасқа жетпей-ақ төлем ала алады:
ерлер 55 жастан, әйелдер 53 жастан;
міндетті кәсіби жарна төлеушілер 50 жастан.
2026 жылы аннуитет шартын жасау үшін қажетті жинақ мөлшері:
ерлерге – 10 715 001 теңге;
әйелдерге – 14 039 988 теңге;
міндетті кәсіби жарналары бар ерлерге – 8 713 438 теңге;
міндетті кәсіби жарналары бар әйелдерге – 11 667 514 теңге.
Аннуитеттің басты артықшылығы – төлемдер жинақ көлеміне қарамастан өмір бойы жүргізіледі.