Алматы қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі «Asar Baspana» қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды QazMonitor.
Тергеу мәліметі бойынша, пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен. Қаржы пирамидасына 90 мыңнан астам азамат тартылып, олар 25 млрд теңгеден астам ақша салған.
Тергеу барысында ақша қаражатының көп бөлігі жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар өз мақсаттарына пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар қаражатты есепке алмау және қылмыс ізін жасыру үшін арнайы әрекеттер жасалған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.