Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда туберкулез азайып келеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 09 ақпан, 2026 | 09:18
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда туберкулез азайып келеді

Ауруды ерте анықтау мен жаңа емдеу тәсілдері нәтиже беруде

Freepik
Freepik

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 9,9%-ға төмендеген, деп хабарлайды QazMonitor.

Аурудың таралу көрсеткіші 12,8%-ға азайса, туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға қысқарған. Сонымен қатар белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15%-ке азайды.

Емдеу тиімділігі де артқан. Дәріге сезімтал туберкулезден жазылу деңгейі 90,5%-ды, ал дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ды құрады. Бұл нәтижелер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған стандарттардан жоғары.

Айта кету керек, елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, дәріге төзімді туберкулезді емдеуде инъекциясыз, қысқа мерзімді – 6 айдан 12 айға дейінгі тиімді емдеу режимдері қолданылуда. Бұл емдеу тәсілдері таблетка түрінде жүргізіледі және науқастар үшін ыңғайлы.

Сонымен қатар туберкулез инфекциясының алдын алу мақсатында 1 айдан 3 айға дейінгі жаңа профилактикалық емдеу режимдері енгізілген. Бұл байланыста болған адамдар мен қауіп тобына жататын азаматтар арасында аурудың дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметінше, жыл сайын туберкулезбен ауыратын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ал амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүрген пациенттердің 40%-ы бейнебақылау арқылы емделуде.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.