Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыдағы әлеуметтік жобалар: 8,2 мың тұрғын мемлекеттік қолдау алды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 09 ақпан, 2026 | 15:30
1 мин. - оқу уақыты

Алматыдағы әлеуметтік жобалар: 8,2 мың тұрғын мемлекеттік қолдау алды

Мегаполисте әлеуметтік осал топтарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Былтыр Алматыда әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолдауға бағытталған жеті әлеуметтік жоба іске асырылып, 8,2 мыңнан астам адамға кешенді көмек көрсетілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, Isker Isi мегаполисте іске асқан ең ауқымды жобаның бірі. «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асатын бұл бастама қарыз міндеттемелері бар азаматтарға, проблемалық қарыз алушылар мен алданған салымшыларға консультациялық қолдау көрсетеді. 2025 жылы жобамен 6 мыңнан астам адам қамтылды.

Сонымен қатар, «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында әлеуметтік осал санаттағы 400-ге жуық адам қатысып, жеке даму мен психологиялық бейімделуге бағытталған курстардан өтті. «Жарқын өмір» бағдарламасы қиын жағдайға тап болған 540 тұрғынға отбасылық және психологиялық қолдау көрсетілсе, «Жаңа өмір» жобасына тәуекел тобындағы балалы әйелдерден 330 адам қатысты.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған Әлеуметтік интеграция орталығы арқылы 240 адам шығармашылық және білім беру бағдарламаларымен қамтылды.

Бұған қоса, қалада «Иппотерапия» бағдарламасы бойынша 50 бала оңалту курсынан өтті.Ал мүгедектер арбасын жөндеу орталығы 600 адамға тегін қызмет көрсетті.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде Алматы халқының 16,3%-ы немесе 375,8 мың адам әлеуметтік осал санатқа жатады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.