Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Оның айтуынша, қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтардағы инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі – 53%, ал индустриялық аймақтарда – 48% құрайды. Экономиканың өсу қарқыны инфрақұрылымды жедел дамытуды талап етеді.
Осыған байланысты Үкімет АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен толық қамтуға бағытталған қажетті шешімдерді қабылдады.
«Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады», деді Бектенов.
Бұған дейін ол 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өскенін айтқан еді.