Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанның форелі шетелдік инвесторларға таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 ақпан, 2026 | 16:36
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанның форелі шетелдік инвесторларға таныстырылды

Түркияда өткен халықаралық көрмеде «Алтайская форель» компаниясы форельді өнеркәсіптік деңгейде өсіру тәжірибесімен бөлісті

Pexels / Aimbere Elorza
Pexels / Aimbere Elorza

Түркияда балық шаруашылығы саласы бойынша өткен халықаралық көрмеде қазақстандық жетекші компаниялар өнімдерімен таныстырды, деп хабарлайды QazMonitor. Солардың бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтайская форель» ЖШС өз өнімдерін таныстырып, форельді өнеркәсіптік негізде өсіру тәжірибесін ортаға салды.

Компания 2017 жылдан бері серіктесі «Гранд Фиш» кәсіпорнымен бірлесіп Өскемен су қоймасында форель өсіру жобаларын сәтті жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда «Алтайская форель» еліміздегі аквашаруашылық саласындағы көшбасшылардың қатарында. Компания тұрақты өндірістік қызмет пен қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге жеткен. Бұл олардың жоғары кәсібилік пен тиімді басқару деңгейіне көтерілгендігін айқындайды.

Айта кетейік, Түркияда балық шаруашылығы саласы бойынша – су биоресурстарын өсіруге арналған 11-ші ғылыми-практикалық семинар және аквакультура бойынша 1-ші халықаралық көрме – екі халықаралық іс-шара өткен болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.