Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тростық жол қоршаулары: «Астана – Алматы» тасжолында технологияны сынау жалғасуда
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 ақпан, 2026 | 12:10
1 мин. - оқу уақыты

Тростық жол қоршаулары: «Астана – Алматы» тасжолында технологияны сынау жалғасуда

Теміртау маңындағы тәжірибелік учаскеде тростық қоршаулардың тиімділігі жол-көлік оқиғасы кезінде расталды

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздегі ең көп қар басатын автожолдардың бірі – «Астана – Алматы» арасындағы учаскелердің бірінде екінші жыл қатарынан тростық жол қоршауларын сынау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QazMonitor ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртау қаласының маңындағы ұзындығы 500 метрге жуық осы аталған тәжірибелік учаскеде орнатылған тросты қоршаулардың негізгі міндеті – көліктің қарсы бағытқа шығуын болдырмау және бетпе-бет соқтығысу қаупін азайту.

Тростық қоршаулардың дәстүрлі металл конструкциялардан басты айырмашылығы – қардың жол жиегінде жиналуының алдын алуында.

Аталмыш конструкцияның тиімділігі автожолдың тәжірибелік учаскесінде тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде айқын көрінді: 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік тростық тосқауылға соғылды. Нәтижесінде трос соққының және кинетикалық энергияның едәуір бөлігін өзіне қабылдап, көліктің қарсы жолға шығуын болдырмады.

Мониторинг нәтижелері мен эксплуатациялық оң көрсеткіштерді ескере отырып, биылғы жылы тростық жол қоршауларын басқа да автомобиль жолдарында қолдану жоспарлануда.

Жұмыстар «ҚазжолҒЗИ» ғылыми-техникалық жетекшілігімен жүзеге асырылуда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.