Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Starlink-пен серіктестік: 2026 жылдан бастап қазақстандықтар спутниктік байланысты пайдалана алады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 07 қараша, 2025 | 13:07
2 мин. - оқу уақыты

Starlink-пен серіктестік: 2026 жылдан бастап қазақстандықтар спутниктік байланысты пайдалана алады

Алдымен хабарлама алмасу, одан кейін мобильді интернет пайда болады

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қазақстанның шалғай өңірлеріне Starlink Direct to Cell технологиясымен спутниктік байланыс келеді. Beeline, Starlink және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Кездесу Тоқаевтың АҚШ қа ресми сапары барысында өтті.

VEON Ltd. (Nasdaq: VEON), жаһандық цифрлы оператор, Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жерүсті желілерімен қамтылмаған шалғай өңірлерде де қолжетімді спутниктік байланысты қамтамасыз ету үшін Beeline Қазақстанның Starlink Direct to Cell-мен серіктестігін жариялады. Қыркүйекте жасалған коммерциялық келісімге сәйкес, Beeline Қазақстан 2026 жылы хабарламалар алмасу қызметін, одан кейінгі кезеңде мобильді интернетке қосылу қызметін қосуды жоспарлап отыр.

Beeline Қазақстан холдингінің бас директоры Евгений Настрадин аталған серіктестік Қазақстанның толық цифрлы байланысқа өту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

VEON сондай-ақ Starlink компаниясымен ғаламдық негіздемелік келісімге қол қойды – бұл келісім VEON компаниясы жұмыс істейтін барлық елдерде Direct to Cell спутниктік байланысын енгізу бойынша болашақ ынтымақтастықтың шарттарын айқындайтын эксклюзивті емес келісім болып табылады. VEON Starlink-пен осындай көпжақты келісімге қол қойған алғашқы жаһандық телеком-оператор.

Министрлік Қазақстанда Starlink Direct to Cell қызметін сынақтан өткізу және коммерциялық іске қосу стандартты реттеуші рәсімдерді сақтай отырып жүзеге асырылатынын хабарлады.

Айта кетейік, VEON компаниясы шамамен 160 миллион клиентке конвергентті байланыс қызметтері мен цифрлық сервистерді ұсынатын цифрлы оператор. NASDAQ биржасында тіркелген. Ал Beeline Қазақстан мобильді байланыс саласында 11 миллион, ал орнықты интернет сегментінде 2 миллион клиентке қызмет көрсетеді. Beeline Қазақстан акцияларының қадағалау үлесі VEON компаниясына тиесілі.

Starlink Direct to Cell — төменгі Жер орбитасында орналасқан 650 ден астам спутниктен тұратын әлемдегі ең ірі спутниктік топтама, мобильді желі жоқ аймақтарда деректерді жіберуді, дауыс байланысын, видео және хабарлама алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл технологияға бес континентте 7 миллионнан астам пайдаланушы қосылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.