Конституциялық комиссия отырысында жақын арада жалпыұлттық референдум өткізу күні белгіленуі мүмкін екені айтылды, деп хабарлады QazMonitor.
Комиссия төрағасы және Конституциялық сот басшысы Эльвира Әзімова жұмыстың аяқталғаны туралы айтып берді.
«Референдум Қазақстанның әрбір азаматына өзінің конституциялық құқығын іске асыруға және жоба бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді», деп атап өтті ол.
Егер референдум өткізу туралы шешім қабылданса, комиссияның құжатты дайындау бойынша ресми жұмысы аяқталған болып есептеледі.
«Комиссия мүшелері түсіндіру жұмыстарын жалғастырады, халықпен кездесулер әрі қарай да, өткізіледі», деді Әзімова.
Жаңа Конституция жобасының мәтіні халыққа қолжетімді болады. Ол БАҚ беттерінде және арнайы telegram-арнада жарияланады.