Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, нәтижесінде 19,4 мың тұрақты жұмыс орнын ашылады, деп хабарлайды QazMonitor
Ірі жобалардың қатарында Жамбыл облысындағы «ЕвроХим-Қаратау» компаниясының минералдық тыңайтқыштар өндіру зауыты бар. Павлодар облысында «Mineral Product International» ферросилиций өндірісін іске қосса, «Railcast systems» ұсталық-бандаждық кешен салынып жатыр.
Сонымен қатар жүк автомобильдері мен жол-құрылыс техникасын шығаратын «Barys Truck Manufactory» жобасы жүзеге асырылады. Қарағанды облысында «Saran Machinery» HOWO маркалы жүк автомобильдерін өндіруді жолға қояды.
Ведомство мәліметінше, барлық жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі шамамен 2,3 трлн теңгені құрайды деп күтіледі. Оның ішінде 0,5 трлн теңгенің өнімі экспортқа бағытталса, 1,5 трлн теңге көлемінде импорт алмастыру жоспарланып отыр.