Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» және «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын шығарды деп хабарлайды QazMonitor.
«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасы 925 сынамалы күмістен дайындалған. Салмағы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм. Дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. Жалпы таралымы – 2000 дана.
«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай танталдан жасалған. Монетаның аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы пайдаланылған. Салмағы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм. Дайындау сапасы – proof, номиналы – 2000 теңге. Таралымы – 500 дана.
Коллекциялық монеталардың екеуі де еліміздің теңге сарайында дайындалған.