Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандағы алғашқы агротехнопарк ауыл шаруашылығы министріне таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 ақпан, 2026 | 14:39
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстандағы алғашқы агротехнопарк ауыл шаруашылығы министріне таныстырылды

Жаңа орталық инновациялық агротехнологияларды дамыту мен экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанда жаңа сұрыптар мен гибридтерді, заманауи биопрепараттар мен инженерлік шешімдерді жылдам нарыққа енгізу, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру және АПК экспорттық әлеуетін күшейтуге бағытталған алғашқы агротехнопарк құрылды, деп хабарлайды QazMonitor. Жоба ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатуымен таныстырылды.

Агротехнопарк университеттің аграрлық ғылымды дамыту, практикалық білім беру және экономиканың нақты секторымен интеграциялау жұмыстарының логикалық жалғасы болып отыр. Орталық бизнес-инкубация, инновациялық компанияларды қолдау және жоғары технологиялық жобаларды дамыту үшін арнайы жасалған. Мұнда жобаларды ғылыми-зерттеу кезеңінен коммерциализацияға дейін жүргізу, агротехнологияларды сынау, инновацияларды зертханадан өндірісіне дейін жылдам енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Агротехнопарктің жалпы алаңы шамамен 1 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамында металл өңдеу цехы бар өндірістік-инженерлік блок, резиденттерге арналған офис кеңістік және толық циклды зертханалық кешен бар.

Сонымен қатар, орталықта Қазақстан-Аустралия инновациялық орталығы (молекулалық-генетикалық зерттеулер), агробиотехнология және микробиология, физико-химиялық талдау, үлгілерді дайындау және аналитикалық зертханалар орналасқан.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.