Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысына көктем биыл ерте келді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 ақпан, 2026 | 15:43
1 мин. - оқу уақыты

Түркістан облысына көктем биыл ерте келді

Ақпанның өзінде бәйшешек гүлдеп, наурызек құсы оралды

Фото: Ғани Назарбек
Фото: Ғани Назарбек

Түркістан өңірінде көктемнің алғашқы белгілері ерте байқалды, деп хабарлайды QazMonitor. «Сырдария –Түркістан» өңірлік мемлекеттік табиғи паркі аумағында көктемнің жаршысы саналатын наурызек құсы қайта оралып, даланы әсем әуенге бөледі.

Қыстың ызғары толық кете қоймағанына қарамастан, өңірде бәйшешек пен дестегүл бүр жарып, қазжуа және өзге де көктемгі гүлдер жер бетіне шыға бастады. Әдетте наурыз айында гүлдейтін өсімдіктердің биыл ақпан айының ортасында бой көрсетуі – көктемнің ерте келгенінің айқын белгісі.

Мамандардың айтуынша, күннің жылынуы мен жыл құстарының оралуы табиғаттағы маусымдық өзгерістердің жеделдегенін көрсетеді. Күн шуағы жұмсарып, самал жел ескен шақта көктем дәл осы Түркістан өңірінен бастау алғандай әсер қалдырады.

Көктем – жаңару мен үміттің мезгілі. Ал биыл бұл мезгіл Түркістан облысында әдеттегіден ертерек сезілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.