Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы тауларында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 23 ақпан, 2026 | 12:15
1 мин. - оқу уақыты

Алматы тауларында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

Құтқарушылар заманауи технологияларды қолдана отырып, қар көшкінін түсірді

gov.kz
gov.kz

Алматы тауларында құтқарушылар заманауи DaisyBell газ-динамикалық қондырғысын пайдаланып, қар көшкінін қолдан түсіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QazMonitor ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қондырғы тікұшаққа ілінетін аспалы жүйе болып табылады. Оның жұмыс істеу принципі қар жамылғысынан қауіпсіз биіктікте оттегі мен сутегінен тұратын газ қоспасын бақылаулы түрде жаруға негізделген.

Пайда болған соққы толқыны тұрақсыз қар массаларының қозғалысын тудырып, олардың өздігінен және бақылаусыз көшуінің алдын алады.

Жұмыстар Кіші Алматы және Қотырбұлак өзендерінің бассейндерінде жүргізілді. Нәтижесінде: «Шымбұлак – Тұйықсу» автожолы, Школьник шыңы ауданындағы «Шымбұлак» тау шаңғысы кешені аумағы және Қотырбұлақ шатқалындағы «Ski park Pioneer» тау курортының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Түсірілген қардың жалпы көлемі 83 мың текше метрді құрады. Таулардағы жарылыстар төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтып, тау курорттарының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.