Алматыда жобалық кеңсенің атсалысумен студенттік жатақханалар қорын ұлғайту және жаңа нысандардың құрылысын үйлестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды QazMonitor Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
Қаладағы жоғары оқу орындарында 221 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 145,4 мыңы өзге өңірлерден келген жастар. Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Дегенмен, шамамен 11,6 мың орын тапшылығы бар.
Жаңа жатақханалар құрылысын үйлестіру үшін Алматы әкімдігі ҚР ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, ел бойынша бірыңғай жобалық кеңсе құрды. 2023-2024 жылдары жобалық кеңсе аясында Алматыда 8 273 орынға арналған 30 нысан пайдалануға берілді.
2023 жылы 3 969 орындық 14 жатақхана ашылды. 2024 жылы 4 304 орынға арналған 16 нысан іске қосылды. 2025 жылы қалада 4 500 орындық 13 жаңа жатақхана пайдалануға берілді.