Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы көшелерінде «сөйлейтін» дрондар пайда болды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 ақпан, 2026 | 16:50
1 мин. - оқу уақыты

Алматы көшелерінде «сөйлейтін» дрондар пайда болды

Полиция дрондары алматылықтарға дауыс зорайтқыш арқылы ескерту жасауда

Polisia.kz
Polisia.kz

Алматыда құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Енді дрондар құқықбұзушылық фактілерін тіркеумен қатар, тұрғындарға заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы нақты уақыт режимінде ескерту жасайды, деп хабарлайды QazMonitor Polisia.kz порталына сүйене отырып.

Ұшқышсыз аппараттар жарық сигналдарымен және дауыс зорайтқыштармен жабдықталған. Сол арқылы профилактикалық хабарламалар таратылады. Дрондар қоғамдық орындарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аулаларды және адамдар көп шоғырланған аумақтарды патрульдейді.

Егер қоқыс тастау, қоғамдық орында түкіру, ұсақ бұзақылық жасау немесе жолды белгіленбеген жерден кесіп өту секілді құқықбұзушылықтар анықталса, азаматтарға заңсыз әрекеттің жол берілмейтіні туралы жедел ескерту жасалады.

Полиция мәліметінше, ұшқышсыз аппараттарды пайдалану қиын қолжетімді аумақтарды қамтуға және қосымша наряд санын көбейтпей-ақ бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда құқықбұзушылық санын азайтып, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.