21 ақпаннан бастап Астана көшелерінде үш жаңа автобус бағдары қатынай бастайды, деп хабарлайды QazMonitor.
CTS компаниясының мәліметінше, жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды:
№ 67 - «Ырыскелді Қажы» мешіті – «Пригородный» тұрғын алабы («Орман парк»ТК);
№ 74 - «Altyn Besik» ТҮК – «Достар-1» тұрғын үй кешені;
№ 76 - «Алай» – «Железнодорожный» тұрғын алабы.
Атап айтқанда, № 67 бағдар Бұқар Жырау көшесіндегі қоғамдық көлік қызметін жақсартып, Қ. Қайсенов көшесі жаңа учаскесімен жүре бастайды.
Ал № 76 бағдар А. Пушкин к. қоғамдық көлік қызметін жақсартып, «Железнодорожный» ТА сауда орындарымен байланыстырады.
Сондай-ақ № 74 бағдар Ш. Айтматов көшесі мен Ұлы дала даңғылының жаңа бөлігін қамтиды, сондай-ақ Айтеке би көшесін көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Сығанақ және Айтеке би көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, реттелетін қиылыс ұйымдастырылғанша № 74 бағдар Қ. Мұхамедханов көшесі бағытында уақытша Анет баба көшесі арқылы жүреді, ал кері бағытта бекітілген сызбаға сәйкес Айтеке би көшесі арқылы қатынайды.