Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан мен Қызылорда облысында күріш егуге шектеу қойылды: Үкімет себебін түсіндірді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 ақпан, 2026 | 11:06
2 мин. - оқу уақыты

Түркістан мен Қызылорда облысында күріш егуге шектеу қойылды: Үкімет себебін түсіндірді

Жамбыл облысын суармалы және ауыз сумен қамтып отырған Киров су қоймасының толмау қаупі бар

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Биыл Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі Арал-Сырдарья және Шу-Талас бассейндерінде вегетациялық кезең тәуекелдермен өтуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның сөзінше, Тоқтоғұл су қоймасының көлемі 7610 млн. текше метр құрайды, бұл былтырғы деңгейден 1,5 миллиард текше метрге төмен. Энергия тапшылығы жағдайында су қоймасы күшейтілген режимде босатылуда.

Осыған орай ол облыс әкімдіктеріне су алу лимиттерін қатаң сақтау, оның ішінде күріш егісі бойынша белгіленген лимиттерді сақтауды ескертті. Атап айтқанда Түркістан облысында «Достық» каналы бойында күріш егуді толықтай тоқтату, Қызылқұм каналы бойында – 3,5 мың гектардан асырмау. Сондай-ақ Қызылорда облысында күріш алқабы 70 мың гектардан аспауы қажет екенін еске салды.

Қазір Шардара су қоймасы жинақтау режиміне ауыстырылған. Келісілген деңгейдегі көлем келген жағдайда су қоймасына кемінде 8,3 миллиард текше метр су келеді деп жоспарланған. Бұл Шардара су қоймасын шамамен 5 миллиард текше метрге көлемінде толтыруға, Көксарай контрретегішін 2 миллиард текше метр көлемге дейін жинақтауға және Қызылорда облысына шамамен 1,3 миллиард текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді.

Вегетациялық кезеңде Сырдарья өзені бассейнінде жиналатын су көлемін жанама ағындарды ескере отырып, тиімді бөлу көзделіп отыр. Бұл ретте Өзбекстан аумағындағы Шарвак су қоймасы реттеуші әлеуетіне басымдық беріледі.

Сонымен қатар министр сәуір айында Астанада Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын пайдалану жөніндегі комиссия отырысын өткізу жоспарланғанын атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан үшін су беру кестелері бекітіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.