Көлік министрлігінде Таяу Шығыстағы қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб отырысы өтіп, тоқтатылған рейстердің жолаушыларын қолдау, сондай-ақ қауіпсіз авиамаршруттармен оларда елге қайтару мәселесі қаралды, деп хабарлайды QazMonitor.
Штаб құрамына Азаматтық авиация комитетінің, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК, Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT және Vietjet Қазақстан авиакомпанияларының өкілдері кіреді.
Қазіргі уақытта Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз жағдай сақталуда. Осыған байланысты, осы елдерден Қазақстанға 28 ақпанда 14 рейс және 1 наурызға 12 рейс тоқтатылды.
Сонымен қатар ұшулар шектеумен орындалып жатқан елдер бойынша мониторинг нәтижелері, аталған мемлекеттердегі жолаушылар саны, оның ішінде ҚР азаматтарының жағдайы қаралды. Отандық әуе компанияларымен бірлесіп Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды алып келу үшін баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары қаралды.
Әуе компаниялары әуе кеңістігі ашылған жағдайда әуе кемелерін ұсынуға және кері рейстерді орындауға дайын екенін айтып отыр. «Авиациялық әкімшілік» АҚ базасында Жолаушыларға жедел көмек көрсету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды:
+7 7172 77 98 21
+7 7172 79 82 13
+7 7172 79 82 14
Рейстер мәртебесі бойынша жолаушыларға келесі байланыс нөмірлеріне жүгіну ұсынылады:
Air Astana
+7 727 244 44 77
+7 7172 58 44 77
+7 702 702 44 77
FlyArystan
+7 727 331 10 10
WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT Airlines
+7 7252 99 88 80
Qazaq Air
+7 727 356 14 14
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай
+7 7172 702 999
Алматы халықаралық әуежайы
+7 727 228 00 19