Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қызылшадан вакцина алмағандар жұмыстан уақытша шеттетіледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 наурыз, 2026 | 12:47
1 мин. - оқу уақыты

Қызылшадан вакцина алмағандар жұмыстан уақытша шеттетіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаның профилактика шараларын күшейтіп жатыр

Artem Podrez / pexels
Artem Podrez / pexels

Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті. Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Бұрын егілмеген 2-5 және 7-18 жастағы балаларды, сондай-ақ расталған иммундаусыз 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып вакцинациялау ұйымдастырылды.

Сондай-ақ ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, жоспарлы емдеуге жатқызуға және эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар күшейтілді.

Ведомство мәліметінше, қабылданған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (417 жағдай) қызылшаның тіркелген жағдайларының саны 311-ге дейін төмендеді, бұл 106 жағдайға аз (-25,4%).

Алайда төмендегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға әлі қол жеткізілген жоқ. Бүгінде республика бойынша ең көп көрсеткіш Астана қаласында тіркелді -  81 жағдай, Алматы қаласында - 48 жағдай, Алматы облысында -  57 жағдай, Батыс Қазақстан облысында - 29 жағдай, Атырау облысында - 57 жағдай және Қостанай облысында - 57 жағдай. Пациенттердің негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар құрайды.

Айта кетейік, 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қосымша иммундаумен 6-11 айлық 36,7 мың бала, жоспарлы вакцинациялаумен - 1 жастағы 21,4 мың бала (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) қамтылды. 18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам толықтырып иммундаумен қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.