Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы кардиология орталығы ота санын екі есе арттырмақ
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 наурыз, 2026 | 09:39
1 мин. - оқу уақыты

Алматы кардиология орталығы ота санын екі есе арттырмақ

Енді мегаполисте аритмияны емдеу қолжетімді болды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қалалық Кардиологиялық орталығы жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерге криоабляция жасау үшін екінші криобаллон консолін өтеусіз пайдалануға алды, деп хабарлайды QazMonitor.

Орталықтың аритмология бөлімінің меңгерушісі Артур Әбдімомыновтің айтуынша, жүрекшелер фибрилляциясы тек Алматыда ғана емес, бүкіл ел бойынша ең жиі кездесетін жүрек ырғағы бұзылыстарының бірі. Ол инсульттің, жүрек жеткіліксіздігінің дамуына және тұрмыс сапасының төмендеуіне әкелетін негізгі қауіп факторларының қатарына жатады.

Жүрекшелер фибрилляциясы жүректегі ретсіз электрлік белсенділікпен сипатталады. Соның салдарынан жүрек соғысы тұрақсыз әрі жиілеп кетуі мүмкін. Аталған дертті емдеудің заманауи әрі тиімді тәсілдерінің бірі – криобаллондық абляция. Бұл патологиялық импульс көздерін арнайы салқындату әдісі арқылы оқшаулауға бағытталған аз инвазивті процедура.

Артур Әбдімомыновтың айтуынша, 2025 жылы орталықта шамамен 170 криобаллондық абляция жасалған. Екінші консоль іске қосылғаннан кейін 2026 жылы мұндай емдеу санын екі есеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтіп, ота кезегін қысқартуға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.