Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысында құрылыс жобаларына ұлттық нақыш пен сапа талабы қойылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 наурыз, 2026 | 15:13
1 мин. - оқу уақыты

Түркістан облысында құрылыс жобаларына ұлттық нақыш пен сапа талабы қойылды

Өңір басшысы абаттандыру, әлеуметтік ғимараттар қасбеті және филармония жобасын талқылады

Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысында бой көтеріп жатқан әрбір нысанның сәулеті мен сапасына ерекше мән берілуде, деп хабарлайды QazMonitor. Әлеуметтік нысандардың сәулеттік жобалары арнайы штаб отырысында тұрақты түрде қаралады.

Кезекті штаб отырысында Ордабасы ауданындағы Төрткөл елді мекенін абаттандыру, өңірдегі әлеуметтік нысандардың қасбетін жаңғырту және облыстық филармония ғимаратының жобасы талқыланды.

Өңір басшысы жобаларды іске асыру кезінде заманауи әрі бірегей сәулеттік шешімдерге басымдық беріп, ұлттық нақышты сақтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарында сапаға айрықша көңіл бөліп, тұрғындардың пікірін ескеру маңызды екенін атап өтті. Әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру және құрылыста сапалы материалдарды пайдалану бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төрткөл ауылын абаттандыру жобасын таныстырды. Жоба аясында орталық көшелерді көркейту, демалыс орындарын жаңарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және жол бойындағы сауда нысандарын ретке келтіру ұсынылды.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың қасбеттерін бірыңғай стильде қалыптастыру мәселесі көтерілді. Елді мекендерде салынатын спорт және сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, кітапханалар, мұражайлар мен ауылдық клубтардың сыртқы келбетін заманауи талаптарға сай жаңарту көзделіп отыр.

Жиында Түркістан қаласында салынатын 500 орындық облыстық филармония ғимаратының жобасы да қаралды. Нысан 3,79 гектар аумақта орналасады. Жобада дәстүрлі шығыс архитектурасы заманауи сәулеттік шешімдермен үйлестірілген. Сонымен қатар көрермендерге қолайлылық, автотұрақ және көгалдандыру мәселелері талқыланды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.