Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Зейнетақы ақшасын емге алуға қайта рұқсат етіледі: «Отбасы банк» онлайн жүйе әзірлеп жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 наурыз, 2026 | 13:53
1 мин. - оқу уақыты

Зейнетақы ақшасын емге алуға қайта рұқсат етіледі: «Отбасы банк» онлайн жүйе әзірлеп жатыр

Жаңа жүйеде стоматологиялық клиникалар мен басқа да медициналық ұйымдар қамтылмақ

Руслан Пряников
Руслан Пряников

«Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын тұрғын үй мен емделуге пайдалану бағдарламасы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның сөзінше, жасы үлкен азаматтар зейнетақы жинақтарын көбіне қосымша тұрғын үй сатып алуға пайдаланған. Ал 30 жастан асқан қазақстандықтардың басым бөлігі бұл қаражатты ипотекалық несиені мерзімінен бұрын өтеуге немесе жаңа ипотека алуға жұмсаған,

Сонымен қатар банк зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану қызметін қайта іске қосу үшін  Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Жаңа жүйеде стоматологиялық клиникалар мен басқа да медициналық ұйымдар қамтылмақ. Орындалған қызметтер актілері онлайн рәсімделіп, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграция жасалады. Бұл қаражатты пайдалану процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.

Банк басшысының айтуынша, қазір «Отбасы банк» ішінде арнайы портал әзірленіп жатыр. Алайда ол 15 сәуірге дейін толық іске қосылмайды, себебі банк басқа да маңызды автоматтандыру жобаларын жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беру кезінде туындайтын мәселелерді шешу үшін жүйеге өзгерістер енгізілуде. 

Ләззат Ибрагимованың медициналық мақсатта зейнетақы қаражатын пайдалану қызметін толық іске қосу 2026 жылдың үшінші–төртінші тоқсанына жоспарланғанын айтты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.