Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда мектеп оқулықтары қайта жазылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 наурыз, 2026 | 13:22
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда мектеп оқулықтары қайта жазылады

Биыл бес сыныпқа арналған оқулықтар жаңартылады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда мектеп оқулықтары жаңа Конституцияға сәйкес қайта жазылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, бүгінде мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар 2018-2019 жылдары басып шығарылған және содан бері мазмұндық тұрғыда жаңартылмаған.

Министр биыл 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылатынын айтты. 2028 жылы 2 және 6-сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды шығару жоспарланып отыр.

Мұндай кешенді тәсіл оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге, олардың аналитикалық және ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ заманауи экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептейді министр.

Сонымен қатар негізгі басымдық білім берудің бастауыш буынын нығайтуға бағытталады, өйткені дәл осы кезеңде баланың базалық білімі, дағдылары мен құндылықтары қалыптасады.

Сондай-ақ 5-тен 9-сыныпқа дейінгі буында іргелі ғылымдарды оқытуға баса назар аударылады, сондай-ақ 8-9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәнін аптасына 2 сағаттан оқытуды қайта жандандыру мәселесі қарастырылып жатқаны белгілі болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.