Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда киберқылмыс көрсеткіші азайды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 наурыз, 2026 | 15:33
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда киберқылмыс көрсеткіші азайды

Интернет-алаяқтықтан келген залалды өтеу деңгейі 57%-ды құрады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Биылғы жылдың 2 айында Қазақстанда интернет алаяқтық көрсеткіші азайғаны байқалады, деп хабарлайды QazMonitor.

Бас прокуратура мәліметінше, биыл интернет-алаяқтықтар саны 8,3%-ға төмендеген (4 385-тен 4 023-ке дейін), алайда 913 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар кибералаяқтықтарды ашу көрсеткіші 29%-ға өскен (36,5%-дан 66%-ға дейін), келтірілген залалды өтеу деңгейі 57%-ды құрады (3,4 млрд теңгенің 1,9 млрд теңгесі өтелді).

Прокуратура органдары ІІМ-мен бірлесіп, дропперлік схемаларды анықтау бойынша белсенді жұмыс жалғастырып жатыр. Қазақсатнда дропперлік үшін жауапкершілік енгізілген сәттен бастап бойынша 400-ден астам іс тіркеліп, оның 66-сы сотқа жолданды.

Сонымен қатар, алаяқтар пайдаланатын SIM-карталар мен WhatsApp аккаунттарын белсендірушілердің қызметі тоқтатылып жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз атына мыңнан астам SIM-картаны рәсімдеп, оларды қылмыстық мақсатта пайдалану үшін алаяқтарға берген.

Сондай-ақ «сұр провайдерлерге» ерекше назар аударылуда, олар алаяқтарды виртуалды байланыспен қамтамасыз етеді. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында Қостанай облысында жалған байланыс операторының технигі шетелдік алаяқтық колл-орталықтарға IP-телефония қызметін көрсеткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.